Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 сағаттық жұмыс": үнді қызының кейпіне енген Мадина Сәдуақасоваға ел тәнті болды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа образын паш етіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Өнер иесі бұл жолы үнді аруының кейпіне енген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ән айтып жатқан өнер иесіне үнді стиліндегі макияж жасалып жатқанын көруге болады.

Әншінің айтуынша, бәт әрлеу мен видеоны монтаждауға 12 сағат кеткен.

"Менің нұсқам қалай сіздере? 12 сағаттық жұмыстың нәтижесі", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованың видеосына тәнті болып, оған үнді қызының образы қатты жарасатынын жазуда.

"Нағыз үнді қызы болдыңыз ғой", "Қандай әдемісіз. Сізге мына образ жараса кетті", "Сұлулықтың символы", "Мадина өте көрікті әрі қылықты ару", "Мына трендті жаба беруге болатын сияқты", "Не деген актерлік шеберлік", "Өте сапалы түсіріліген", "Мықты шыққан! Өте үлкен жұмыс жасалынған. Видеоны түсінген адам бұның артында үлкен еңбек жатқанын біледі", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095256-12-sagattyq-zhumys-undi-qyzynyng-keipine-engen-madina-saduaqasovaga-el-tanti-boldy-video/

pixel