Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыртығынан тауып аламыз": желідегілер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін анықтап көрді

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен
Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен. Видеодан кадр: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі жайлы айтып жүргенімен сүйіктісінің кім екенін әлі де құпия ұстауда. Алайда желі қолданушылары дизайнер арудың соңғы жариялаған видеосынан кейін белгісіз жігітті тапқандай болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы парақшасында сүйіктісімен түскен жаңа видеоны жариялап, елді қызықтырып қойды. Желі қолданушылары актрисаның жасырып жүрген жігіті кім екенін біле алмай әлек болды.

Алайда кейбір оқырман бейтаныс азаматтың денесіндегі ерекшелігін байқап, бірнеше нұсқаны келтірді.

"Түрін қашан көреміз?", "Тыртығынан тауып аламыз", "Еркебұлан Тоқтар емес пе?", "Бұл құпия жігіт Бағжан Октябрь сияқты", "Бағжанның қолында тыртығы жоқ", "Бұл Сәкен Кагаров", "Сәкен Кагаровтың дәл өзі. 100 пайызға сенімдімін", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетерлігі Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Кагаров Instagram-дағы парақшаларында ұқсас жерден Stories салған. Оған қоса блогер жігіттің үстіндегі киімі Адайбекованың видеосындағы азаматтікіне ұқсайды. Алайда қос жұлдыз да қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген жоқ.

Сәкен Кагаров - 30 жастағы экстрим-блогер. Өткен жылы ол "30-дан 30-ға" қазақстандық Forbes тізіміне кірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095277-tyrtygynan-tauyp-alamyz-zhelidegiler-aizhuldyz-adaibekovanyng-suiiktisin-anyqtap-kordi/

pixel