Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы Фариза Төреәлі туған күнінде анасына сыйлық жасады (фото)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

Күні кеше отандық блогер Фариза Төреәлі 23 жасқа толды. Төреғали Төреәлінің қарындасы туған күнінде анасына сыйлық жасады.

Блогердің өзі туған күнін Париж қаласында қарсы алғанын айтты.

"Менің тәтті 23 жасым. Әрбір жақсылық үшін әуелі Раббыма, өмір сыйлаған ата-анама, Алла қосқан жарыма, жаныма ең жақын жандарыма, тәп-тәтті қызым мен сіздердей оқырмардарым барына мыңдаған шүкіршілік. ⠀ Өмірге келген миссиямды Аллам ең әдемі, көркем әрі жеңіл түрде атқаруды нәсіп етсін. Қоғам үшін, үммет үшін Алла жолында жасайтын әлі қызмет көп. Осы жасымды махаббат қаласында қарсы алуды бұйыртыпты ғой Аллам.", - деп жазды ол.

Төреғали Төреәлінің қарындасы жекеменшік мерекесінде анасына сыйлық жасауды ұмытпай, шоколад қосылған құлпынай жіберген.

"Оқушы кезімнен бастап әр туған күнімде анама сыйлық жасап тұрамын. Жарық дүние сыйлағаны үшін, тоғыз ай құрсағында көтергені үшін...

Ал енді өзім ана болып оның машақатын, дүниеге бала әкелу оңай еместігін одан әрі сезіндім. Ата-анама өмір сыйлағаны үшін рахмет айтамын", - деді блогер.

Фариза Төреәлі
Скриншот: Instagram/ farizatoreali

Көпшілік Фариза Төреәліні туған күнімен құттықтап ақ тілегін жаудырып жатыр. Блогердің жақындары да оны кеше құттықтап, ақ лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095370-23-zhastagy-fariza-toreali-tugan-kuninde-anasyna-syilyq-zhasady-foto/

pixel