"Нағыз жігіт": Ерке Есмахан кішкентай ұлы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан декреттік демалыстағы өмірі жайлы сыр шертіп, кішкентай ұлы Ислам жайлы айтты. Өнер иесі бүгінде өзіне күнделікті көмектесетін үй қызметшісі мен бала күтушісі бар екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі кіші ұлы Ислам бүгінде ақылды жігіт болып өсіп келе жатқанын айтты.
"Исламға бес ай. Еңбектеуге ынтасы бар. Бірақ әлі ертелеу сияқты. Аллаға шүкір ақылды болып өсіп келе жатыр. Нағыз жігіт. Қылықтары тәп-тәтті", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар эстрада жұлдызы жанкүйерінің үй қызметшісіне қатысты қойған сауалын да жауапсыз қалдырмады. Ерке Есмахан өзіне күнделікті көмектесетін адамдар бар екенін жасырмады.
"Үй қызметшісін таптым. Таңда келіп, кешке қайтады. Бізбен бірге тұратын бала күтушіміз бар. Үшеуміз күнде отырып шай ішіп, әңгімені жібереміз. Жақсы адамдардың барына шүкір", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095649-nagyz-zhigit-erke-esmahan-kishkentai-uly-zhaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.