Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұрт Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі кім екенін біліп қойды (фото, видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Отандық блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялады. Оқырман бұл жолы Жанар Айжанованың қызының ғашығы кім екенін бірден біліп қойды.

Блогер осыған дейін сүйіктісін көпшіліктен жасырып жүрген еді. Күні кеше Айжұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында таудағы демалысынан тағы бір романтикалық видео жариялады. Мұны көрген оқырман бірден актрисаның ғашығын іздеуді жалғастырып кетті. Олардың арасында Адайбековаға бақыт тілегендер де жетіп артылды.

Желі қолданушыларының арасында Сәкен Қағаров есімді азаматтың пікірі көзге оттай басылды. Айжұлдызға артық сөзсіз "жүрек" белгісін жіберген ол жұрттың назарын бірден аударып, пікір астында қалды. Оқырман қос ғашыққа бақыт тілеп, ақ тілегін жаудыра бастады.

Ал Сәкен Қағаров дәл сол күні Айжұлдыз Адайбекова жариялаған локациядан видео түсірген. Бұл көпшіліктің күмәнін сейілтетін дәлел екені айдан анық. Алайда аталған мәселеге қатысты қос тарап та пікір білдірген жоқ.

Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен
Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен. Коллаж: Instagram/ aizhuldyz_adaibekova, saken_kagarov

Желідегі ақпаратқа сенсек, Сәкен Қағаров кәсіби велоспортпен, оның ішінде mountain biking түрімен айналысады. Осыған дейін тау шаңғысымен де шұғылданған. Одан бөлек Сәкен - саяхатшы әрі блогер. Instagram желісінде 300 мыңға жуық оқырманы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095664-zhurt-aizhuldyz-adaibekovanyng-suiiktisi-kim-ekenin-bilip-qoidy-foto-video/

pixel