Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіме жас келеді": Ақбота Керімбекова орындалмай қалған арманы туралы айтты

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова орындалмай қалған асқақ арманы туралы жан сырын ақтарды. Бүгінде халықтың ыстық ықыласына бөленген әртіс театрда рөл сомдап, киноға түскісі келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбеова өнер академиясын бітірген бойда Астанаға театрға жұмысқа шақырту алғанын айтты. Алайда әнші сол кезде тұрмысқа шығып, Алматыда қалып қойған. Содан бері ол актриса болу арманын іске асыра алмай келе жатқанын жасырмады.

Дегенмен өнер иесі әлі де болашақта театрда ойнап, киноға түсетініне үмітті екенін жеткізді.

"Біз оқу бітіргенде тобымызды Астанаға алып кетеміз деді. Сол кезде мен тұрмысқа шықтым. Алматыда қалып қалдым. Көбісі қазір Астанада жүр. Театрға кейде барамыз ғой. Сол кезде көзге жас келеді. Кейде неге бір рөлді сомдап орындамасқа? Неге киноға түспеске? деп ойлап қаламын. Сағыныш сезімі болатыны рас. Сәті түсетін де шығар. Актер мамандығын бітірдім екен деп, мәселе киноға түсе беру керек емес қой. Өнер академиясы сол бір сахнаның төңірегі ғой. Бұйртса, әлі де үмітім бар. Театрда ойнап, киноға түскім келеді", - деді Ақбота Керімбекова "Оян" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095913-kozime-zhas-keledi-aqbota-kerimbekova-oryndalmai-qalgan-armany-turaly-aitty/