Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайда тапсам деп жүр": Ердос Қанаев отандық кинотуындыларға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Ердос Қанаев. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

Отандық әнші Ердос Қанаев "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың түсірген фильміне қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы басқа да кинотуындыларды да сынады.

Ердос Қанаев отандық кино саласына қатысты пікірін Instagram желісіндегі парақшасындаь жазды.

"О заман да, бұ заман Бағлан кино түсіріпті...Қазір кім кино түсірмей жатыр дейтін жағдайға жеттік. Бірақ... "Бірақ сол киносымен кім не айтқысы келді" деген сұрақ. Біреу пайда тапсам деп жүр, ал біреу елге пайдам тисе деп жүр. Мен киносыншы емеспін және осы күнге дейін отандық киноларға сын-пікір айтып көрмеппін. Сын айту үшін әуелі сондай дүниені өзім жасап шығаруым керек, еңбектенуім керек.

Сол үшін біреудің еңбегіне сын айтпас бұрын, еңбегі бар ғой деп еңбегін бағалайтынмын. Ал, енді мынау Бағланның киносы жайлы жазбасқа хақым жоқ. Өйткені бірнеше күн бойы байқап келемін, Бағланның "Zero қарыз" киносына барып жатқан халықтың қарасы аз. Неге халық аз...?

Талғамға талас жоқ дейміз. Десек те, мәні бар, айтары бар, көрген адам ойланарлық дүние шығарғанда халықтың аз барып жатқаны қынжылтады", - деді Ердос Қанаев.

Өнер иесі қазір мән-мағынасы жоқ, арзан әзілге толы фильмдер бар екенін жасырмады.

"Иә, ол кісілердікі де еңбек, еңбекке еш талас жоқ. Бірақ ақиқаты сол, көп кинодан "Шіркін-ай" деп емес, "Әттең-ай" деп шыққан күндер болған. Абай атамыз "Есектің артын жусаң да мал тап" деген екен, "өмір сүрудің ең оңай тәсілі кино түсіру, әйтеуір кино ақша әкелсе болды, кассаны жарса болды, кассаны жарса болды" деген пиғылдарды да көзіміз шалып, құлағымыз естіп жүр.

Дінмұхамед Қонаев атамыз дана кісі болған ғой. Өз заманында елде қандай да бір кино түсіретін болса, ең бірінші өзі көреді екен. Сонда әлгі кино пайдасы болса ғана көрсетіледі де, пайдасыз, мән-мағынасы жоқ кино болса, елге көрсетпейді екен. Дәл қазір Димаш атаның көп кино өтпей қалар еді-ау. Ал Бағланның киносы өтер еді", -деп жалғастырды әнші.

Артынша Ердос Қанаев әріптесі түсірген фильм жайлы ой толғады. Ол көпшілікті Бағлан Әбдірайымовтың фильмін тамашалауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095916-paida-tapsam-dep-zhur-erdos-qanaev-otandyq-kinotuyndylarga-qatysty-oiyn-aitty/

pixel