Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 жыл ешқайда шықпадым": Бейбіт Көшқалиев сахнадан неге көрінбей кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Бейбіт Көшқалиев
Бейбіт Көшқалиев. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Көшқалиев соңғы уақытта не себепті сахнаға шықпай кеткенін түсіндірді. Эстрада жұлдызы әншіліктен уақытша үзіліс алғанымен өнер саласынан алыстамаған болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Көшқалиев үш жыл бойы сахнаға шықпай кетуінің себебін "Мархабат" бағдарламасында айтты.

Өнер иесі әншіліктен бөлек кинопродюсерлікпен айналысып кеткенін жеткізді.

"Негізі соңғы рет Айримен дуэт жаздық. Сосын "Бәрі де өтер" деген ән шығардым. Содан бері үш жыл өтіп кетіпті. Үш жыл бойы ешқайда шықпадым. Бірақ кино түсірдім. 2 web-сериал түсірдім. Әншіліктен бөлек кинопродюсерлікпен айналысып кеттім. Әншілік ол менің негізгі жұмысым. Бірақ өзімді кинопродюсер ретінде де сынап көргім келді", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095946-3-zhyl-eshqaida-shyqpadym-beibit-koshqaliev-sahnadan-nege-korinbei-ketkenin-aitty/