Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім екенін білгенде таңғалдым": Мейрамбек Бесбаев әке-шешесі туралы тың ақпарат айтты

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев әкесі мен балалық шағы жайлы сыр шертті. "Музарт" тобының мүшесі "Сәлем, папа" жобасына берген сұхбатында кішкентайынан атасының қолында өскенін айтты.

Әншінің сөзінше, ол бастапқыда әкесін ағасындай қабылдаған. Ал шындықты білгенде қатты таңғалған.

"Мен кішкентай кезімнен атаның баласы болып өстім. Әке-шешем жас болды, қалаға кетті. Әкем маған ағам сияқты көрінетін. Кейін әке-шешемнің кім екенін білгенде таңғалғаным бар. Атамның көзінше әке-шешем "біздің баламыз" деп айтпайтын.

Кейін "қалада оқысын, Таразда оқысын" деп жалынып, атамнан сұрап алған. Сол себепті бала күнімнен екі әкем болды деп есептеймін. Туған әкем және одан кейін тәрбие алған, ертегі-әңгімесін естіп өскен Естай атам", - деді Бесбаев.

Осы тұста халықтың сүйікті әншісі өнердегі ұстазын да атауды ұмытқан жоқ.

"Одан кейін 12-13 жасымда өнерге араласқаннан кейін өнердегі бір әкем Алтынбек Қоразбаев болды. Ол кісі де маған әкемдей қамқорлық жасаған кісі. Сондықтан бала кезден менің әкелерім көп болды. Әке мен шешеге кенде болмадым, еркелеп өстім", - деді эстрада жұлдызы.

Мейрамбек Бесбаев бала үшін әкенің әңгімесі мен мінезі, тәрбиесі маңызды екенін де жеткізді.

"Өз әкем өте ақкөңіл кісі. Ортасын әрдайым күлдіріп, жадырап жүреді. Анам салмақты. Ал өзіме екеуінің де мінезі қанмен келген шығар деп ойлаймын. Кейде менен асқан көңілді адам жоқ. Сол жағым әкеме тартқан сияқты. Жалпы өзім бір шапалақ алған адам емеспін. Аталарымыздың, сол кісілердің қас-қабағынан-ақ түсіне беретінбіз. Ұрмаса да, ұрыспаса да, сол кісінің көңілін қалдырмайық деп өстік", - деді әнші.

Өнер иесі әкесінің қадірін балалы болғанда ұғынғанын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095994-kim-ekenin-bilgende-tanggaldym-meirambek-besbaev-ake-sheshesi-turaly-tyng-aqparat-aitty/

pixel