Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Әйгерім Абдуллаева қуанышты жаңалығын айтып, қауесетке нүкте қойды (видео)

Опубликовано:

Әйгерім Абдуллаева мен Әділ Жалмағамбетов
Әйгерім Абдуллаева мен Әділ Жалмағамбетов. Фото: Instagram/ aii_officiiall

Отандық блогер Әйгерім Абдуллаева мен әнші Әділ Жалмағамбетов ата-ана атанбақ. Жұлдызды жұп күні кеше оқырманға қуанышты жаңалығын жеткізіп, қауесетке нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйгерім Абдуллаева мен Әділ Жалмағамбетов көптен бері жұрт алдында бірге көрінбей кеткен еді. Ғашықтар әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп, көпшіліктің күмәнін арттырған болатын. Көп ұзамай желі оқырмандарының арасында жұлдызды жұптың ажырасып кеткені жайлы да сыбыс тарады.

Алайда бірнеше айдан бері үн-түнсіз жүрген Әйгерім мен Әділ күні кеше қуанышты жаңалығын бөлісіп, қауесетке нүкте қойды. Олар алғаш рет ата-ана атанғалы жатқанын жариялап, гендер пати жасады.

"Қуанышты жаңалықты бөлісетін сәт келді. Біз көз тимес үшін бірге түскен суреттеріміз бен видеоларымызды өшіріп тастадық. Құттықтап қойсаңыздар болады, біз жақында ата-ана атанамыз. Бұйырса, ата-ана деген қуанышқа бөленеміз", - деп жазды Әйгерімнің өзі.

Блогер бірден гендер патидің нәтижесін жариялап, жақында дүниеге қыз келетінін айтты. Ал көпшілік ерлі-зайыптыларды құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096570-bloger-aigerim-abdullaeva-quanyshty-zhangalygyn-aityp-qauesetke-nukte-qoidy-video/

pixel