Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркектерден сескеніп қалдым": Juzzefina бұрынғы ғашығынан қандай қорлық көргенін айтты

Опубликовано:

Juzzefina
Жұлдыз Жауынбаева. Фото: Instagram/ juzzefina244

Халыққа Juzzefina атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Желі жұлдызы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы ғашығынан көрген қорлығын еске алды.

Бір жылда желіде ауқымды аудитория жинаған блогер осыған дейін махаббатқа сеніп, сан соғып қалғанын жасырған жоқ.

"2022 жылы менің ер-жігітпен ең соңғы әрі сәтсіз қарым-қатынасым болды. Ол мені шамамен 3 млн теңгедей қарызға кіргізіп кетті. Әрине, ол ақша қазір маған басқа жолмен қайтып келді. Дегенмен мойымаймын, үлкен сабақ алдым", - деді блогер.

Жұлдыз Жауынбаева бұрынғы сүйіктісі өзіне күш көрсеткенін де мойындады.

"Ұрып-жыққаннан кейін еркектерден қатты сескеніп қалдым. Үйден шыға алмай қалған кездер де болды. Одан соң психологпен жұмыс істедім. Өйткені ер адам жақындаса немесе айғайласа, бірден қорқып кететінмін. "Қазір ұрса, талып қаламын" деген ойлар да келетін" , - деп ағынан жарылды блогер.

Осы ретте Juzzefina қыздарға қулығын жігіттерден де асыра пайдалануға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096579-erkekterden-seskenip-qaldym-juzzefina-buryngy-gashygynan-qandai-qorlyq-korgenin-aitty/

pixel