Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді жүргізіп үйрену керек": Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке жаңа көлігін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова өзіне бағалы сыйлық жасады. Өнер иесі автосалоннан жаңа көлік сатып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова жаңа көлік сатып алғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлап, көпшілікке көрсетті. Желі жұлдызы қуанышты сәтінен фото жариялап, жолда өзін көріп қалғандарға айналып қашуға кеңес берді.

Айта кетерлігі, дизайнер ару әлі жүргізуші куәлігін алмаған.

"Менің темір тұлпарым. Енді жүргізіп үйрену керек. Жолда мені көрсеңдер өтініш, айналып қашыңдар. Өздеріңнің сақтықтарың үшін", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Желідегілер актрисаның жетістігі үшін қуанып, оған жылы лебізін білдірген.

"Құтты болсын! Жарайсың, бәрі таза еңбектің арқасы", "Айжұлдыз, мықтысың! Ешкімнің көмегінсіз көлік алу әркімнің қолынан келе бермейді", "Темір тұлпарың тек жақсы жерлерге апарсын", Бәрімізге жұғысты болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096669-endi-zhurgizip-uirenu-kerek-aizhuldyz-adaibekova-kopshilikke-zhanga-koligin-korsetti-foto/

pixel