Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Библиялық кейіпкердің аты": Мақпал Исабекова екінші перзентіне қандай есім беретінін айтты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Бүгінде екінші перзентіне аяғы ауыр әнші Мақпал Исабекова болашақ сәбиіне қандай есім бергісі келетінін айтты. Өнер иесі бұл жолы да қазақша ат таңдамағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Желідегілердің бірі өнер иесінен екінші баласына қандай ат қойғысы келетінін сұрады.

Әнші перзентіне есім таңдап қойғанын айтты. Ол болашақ сәбиіне библиялық кейіпкердің атын беруге ниетті екен.

"Ат таңдап қойдым. Ол қазақша есім емес. Иврит (ежелгі еврей) тілінен алынған. Кейбір ақпараттарға сәйкес, бұл есім исламда да, христиан дінінде де кездеседі. Библиялық (інжіл) кейіпкердің есімінен шыққан,", - деп жазды Исабекова.

Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызы тұңғышына Теодор деген есім берген болатын.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096759-bibliialyq-keiipkerding-aty-maqpal-isabekova-ekinshi-perzentine-qandai-esim-beretinin-aitty/

pixel