Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелімді қатты жақсы көремін": Әли Оқапов ерекше отбасылық суреттерін көрсетті

Опубликовано:

Әли Оқапов отбасымен
Әли Оқапов отбасымен. Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов желіде ерекше отбасылық суреттерін жариялап, келіншегі Ақерке Бүркітбайға деген сезімін жеткізді. Өнер иесі әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны қатты жақсы көретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов Instagram-дағы парақшасында отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетіп, келіншегі мен ұлымен түскен суреттерін жариялады. Онда жұлдызды жанұяның серуендеп жүргенін көруге болады.

Әнші фотолардың астында әсерлі жазба қалдырған. Ол көпшілік алдында әйелі Ақерке Бүркітбайға деген сезімін білдірген.

"Менің әйелім бәрінен де күшті. Мен оны қатты жақсы көремін. Ұлым үшін рақмет айтамын. Мұның бәрін өзім ойлап жаздым. Ешкім көмектесіп, қалай жазу керек екенін айтқан жоқ", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096792-aielimdi-qatty-zhaqsy-koremin-ali-oqapov-erekshe-otbasylyq-suretterin-korsetti/

pixel