Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз": Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, күйеуі жайлы ел күтпеген мәлімдеме жасады. Өнер иесі бүгінде жолдасымен бірге тұрмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram желісінде өзіне жолданған сұрақтардың көбісі күйеуі жайлы екенін айтты. Әнші өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға шүйлігіп, былай деп жауап берді:

"Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма? Жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім", - деп ашуланды әртіс.

Сонымен қатар Исабекова бүгінде күйеуі қайда екенін білмейтінін айтып қалды.

"Оны бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз", - деп жазды ол.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096801-qaida-ekenin-bilmeimin-birge-turmaimyz-maqpal-isabekova-kuieui-turaly-aitty/

pixel