Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашып жүретін адаммын": Дариға Бадықова кинодан тапқан 2 млрд теңгені қайда жұмсағанын айтты

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өзінің "Таптым-ау сені" атты алғашқы киносынан түскен 2 млрд теңге табысын қайда жұмсағанын ашып айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл сома толығымен өз қалтасында қалмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Динара Сәтжанның "DS` Show" бағдарламасында қонақ болып, киносына жайлы ел білмейтін жайттарды ақтарды. Ол әріптесі Олжас Абайдың"Таптым-ау сені" фильміндегі гонорары 6 млн теңге болғанын айтты.

"Олжаспен өзара келістік. "Осындай сомаға түсіп бер" дедім. Оған 6 млн теңге бердім. Мен өзім кино саласында жүріп, ешбір кинопродюсерден 6 млн теңге алмағанмын. ", - деді актриса.

Олжас Абай аталмыш кино сәтті шыққаннан кейін өз гонорарын көтергенін жасырмады.

"Өткен жылға 6 млн теңге деген жақсы баға десем де болады. Ал кейін мен түскен кинолардың барлығы жақсы касса жинады. Соңғы 5 киномның өзі 1 млрд жинаған. Содан кейін 6 млн теңге мен үшін аз екенін түсіндім. Бірақ продюсердердің арасынан ең көп төлеген Дариға", - деді актер.

Сонымен қатар Бадықова тырнақалды туындысынан тапқан 2 млрд теңге табысын қайда жұмсағанын айтты.

"2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені "Kinopark"-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын "Sulpak" компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Еңбегім бар ғой. Оны да алмайтын едім. Барына базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар", - деді кинопродюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096894-shashyp-zhuretin-adammyn-dariga-badyqova-kinodan-tapqan-2-mlrd-tenggeni-qaida-zhumsaganyn-aitty/

pixel