jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ішіңіз таза болсын": Ерке Есмахан сұлулығы мен бет күтімінің құпиясын ашты

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өзіне көп қойылатын сұраққа жауап беріп, бет күтіміне байланысты қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әнші Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізген. Осы кезде Еркенің оқырмандарының бірі одан бет күтіміне байланысты кеңес сұраған.

    "Осы сұрақ көп қойылады. Қыздарға кеңесім: интернетте мақтап көрсеткен нәрсені бетіңізге жаға бермеңіздер. Бірінші косметологқа барыңыздар, кеңес беру қымбат емес. Бет теріңіздің типін, қандай проблема бар екенін біліп алыңыздар. Сосын өз теріңізге керек күтімді аласыз. Өйткені үйдегі күтім – ең маңызды нәрсе. Әрине коллаген ішуді де ұмытпаңыздар. Мен пайдаланатын крем, маскаларым сіздің теріңізге келмей, керісінше әсер беруі мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәрі жеке қарастырылады.

    Келбетіңіз әдемі болсын десеңіз, ішіңіз таза болсын. Жақсы ой мен жақсы сөз айту да күтімге жатады дер едім", - деп жазды Ерке Есмахан.

    "Ішіңіз таза болсын": Ерке Есмахан сұлулығы мен бет күтімінің құпиясын ашты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.