Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жылдай жұмыс істеу керек": Төреғалидің қарындасы Дубайдан пәтер алуға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі бүгінде отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалуда. Блогер аруға Дубай қатты ұнап қалған. Ол болашақта сол қаладан пәтер алуға ниетті екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төреәлі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Төреғалидің қарындасы күйеуі мен ұлымен бірге Дубай қаласының әсем жерлерін аралап, қымбат мейрамханаларында тамақтануда.

Сонымен қатар жас ата-ана болашақта шетелден баспана алуға ниетті екенін айтып қалды. Олар Дубайдан пәтер қарастырып, оны сатып алу үшін қанша қаражат керек екенін біліп қайтты.

Алайда Дина Төрелә өзіне ұнаған үйді алу үшін әлі бір жылдай жұмыс істеу керек екенін жеткізді.

"Болашақ құдағиымыз көрші болайық деген соң пәтер қарауға келдік. Арзан үйлер өте көп. Бірақ ең жақсысын алу үшін бізге әлі бір жылдай жақсы жұмыс істеу керек екен", - деп жазды ол.

Дина Төреәлінің Stories-i
Дина Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/tattti_kyz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098196-bir-zhyldai-zhumys-isteu-kerek-toregaliding-qaryndasy-dubaidan-pater-aluga-qatysty-oiyn-aitty/