Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы Отан соғысы емес": Жұлдыз Әбдукәрімова майданға қатысты жанайқайын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты жанайқайын айтты. Ол өз пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Актриса екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен қан майданға аттанған 1,5 миллион азаматтың жанкештілік ерлігі мен олардың тең жартысының қайтып оралмағанын еске алып, аза тұтатынын жеткізді.

"Ұлы Отан соғысы емес! Біріншіден, бұл соғысты бастаған қазақ емес. Қазақстан Ресейге бағынышты ел ретінде ол соғысқа қосылуға мәжбүр болды. Майданға кеткен ерлерімізбен қоса қазақ барын берді. Әрбір екінші оқ қазақтың қорғасынынан құйылды, әрбір үшінші танк қазақтың темірі мен шойынынан жасалды, ет, бидай, күріш, жүн, көптеген басқа да маңызды өнімдер зор көлемде Қазақстаннан жөнелтіліп отырды", -деді Әбдукәрімова.

Блогер соғыс қасіретін елдегі әр отбасы сезгеніне, сол сұрапыл жылдарда отының басында бала-шағамен қалған әр ана батыр екенін жеткізді.

"Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" кітабында Айшаның көрген қиындығын білесіздер. Таң сәріден қара кешке дейін колхоздың жұмысына жегіліп, қара түнде балаларына берер ас таппай жаны қиналғанда, қақаған қыста пешке салар отын таппай Мұртазадан қалған жалғыз мұра киіз үйдің шаңырағын балтамен шапқанда, 11 жасар ұлын безгек шалып, қол-аяғы қалтырап қиналғанда 1 кесе ыстық сорпа бере алмағанда, қара күзде үйіне жете алмай үш бүлдіршінімен арба үстінде түнегенде мың өліп, мың тірілмеді ме? Өлмеді. Өлтірмеді. Түтінді сөндірмеді. Мен үшін соғыс жылдарындағы әр ана батыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098223-uly-otan-sogysy-emes-zhuldyz-abdukarimova-qan-maidanga-qatysty-zhanaiqaiyn-aitty/