jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Аяғымды ұстамаңызшы": Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды

    Қайрат Нұртас концертте
    Қайрат Нұртас концертте. Видеодан кадр: Instagram/ qara_shymkent

    Әлеуметтік желіде отандық әнші Қайрат Нұртастың кезекті концертінен видео тарады. Бұл жолы желі қолданушылары әншінің концертіне келген көрерменге ашуланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видео кадрларынан Қайрат Нұртастың концертте әндетіп, артынша көрерменмен тілдесіп жатқанын аңғаруға болады. Ол аяғынан ұстаған тыңдарманға өтініш жасайды.

    "Жаным, аяғымды ұстамаңызшы, ұяламын мен. Кәдімгі қарапайым адаммын ғой", - деп эстрада жұлдызы әндете кетеді.

    "Осылай қуып кетсең... Қалайсыңдар, ағайындар?", - деп жалғастырады Қайрат Нұртас.

    Мұны көрген оқырман концерт көруге барған халықты сынап тастады.

    "Жабайылық қанымызда бар ғой", "Аяғын не үшін ұстайды, адамдарда мәдениет қайда?", "Қыздар зомби сияқты жабысып жатыр", "Аузын ашса хит қой", "Дұрыс қой, құлап кетсе жаман ғой", "Қыздар, бұл өте төмен әрекет қой", "Халықта мәдениет жоқ, тобыр болып кетті", - деп жазды жұрт.

    Айта кетейік, осыған дейін танымал әнші Қайрат Нұртас концерттегі былапыт сөзі үшін айыппұл арқалаған еді.

    "Аяғымды ұстамаңызшы": Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.