"Келініме ауырлау тиетін сияқты": Жазира Байырбекова жаңа әніне қатысты кеңес сұрады
Жарияланған күні:
Отандық әнші Жазира Байырбекова болашақ келініне ән арнамақ. Эстрада жұлдызы жаңа туындысының мән-мағынасын ашатын сөз жаздырғысы келіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол әнге қатысты жақсы идея айтқан адамға сыйлық беретінін жеткізді.
"Болашақ келініме арнап ән жазып жатырмын. Былай:
Болса-дағы талай қыз,
Сені таңдаймыз.
Келін болшы сен бізге,
Бауырсағы балдай қыз.
Осы шумақтағы "болса-дағы талай қыз" деген сөз келініме ауырлау тиетін сияқты. Басқа қандай сөз ұсынар едіңіздер?", - деді әнші.
Көпшілік эстрада жұлдызының жарыққа шыққалы жатқан әніне қатысты пікір білдіріп, өз нұсқасын ұсынды. Желі қолданушылары Байырбекованың аяулы ене болатынын да айтып таңданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098307-kelinime-auyrlau-tietin-siiaqty-zhazira-baiyrbekova-zhanga-anine-qatysty-kenges-surady/