Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім": Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/farizatoreali

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің күйеуі оған туған күніне орай электрокар сыйға тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің күйеуі Дархан Норатев оған туған күніне орай электрокар көлігін сыйлаған. Оның айтуынша, Парижде болған кезде Фаризаның туған күні өткен. Осыған орай ол Алматыдан сыйлық дайындап қойғанын айтты.

"Естеріңізде болса, бір жыл бұрын Фаризаның туған күніне АҚШ-та мен мерседес сыйлаған едім. Енді Алматыда көлік болмағандықтан, осындай көлік сыйлаймын деп шештім", - деді Дархан Норатев.

Бұл ретте Фариза Төреәлі Instagram-дағы парақшасында электрокардың видеосын жариялап, жазба қалдырды.

"Қазақстанға келгенде тосын сый күтіп тұр деп еді. Бірақ шын мәнінде дәл бұлай болады деп күтпедім! Сыйлық сылаудағы шынайы мақсат — өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу. Әр әйел қауымы бар жақсылыққа лайық. Мәселе сыйлықта емес, ниетте. Баршаңызға шын жүректен бақытты сәттерді тіледім. Сіздерге де Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін, қыздарым", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында жариялаған жазбасында.

Сондай-ақ Дарханның бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті.

"Машина жүргізбейтін Фариге машина алып бере беруге ерінбейтін Дархан. Коллекция жинаңыз", "Құтты болсын. Менің кыздарыма да сендей жігіт жолыктырсын Аллаһ", "Құтты болсын... Күніге орамалыңыздың түсіне байланысты көліктерді ауыстырып айдайтындай дәрежеге жетіңіздер", - деп жазды желі пайдаланушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098664-almatyda-kolik-bolmagandyqtan-osyndai-kolik-syilaimyn-dep-sheshtim-fariza-torealining-kuieui-ogan-elektrokar-syilady/