Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірегім болатын теңім жетіспей тұр": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа жазба жариялап, жеке өмірі жайлы сөз қозғады. Өнер иесі бүгінде тірегі болатын теңі жетіспей тұрғанын айтып, өкінішін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында әкесі мен ұлымен садақ атып тұрған түскен видеосын жариялап, оларды өзінің қорғанышы мен сүйеніші деп атады.

Өнер иесі қазіргі уақыта бақытты өмір кешіп жатқанымен, әлі де өмірлік серігін жолықтырмағанына өкінішін білдірді.

"Менің қорғаным мен сүйенішім! Тірегім болатын теңім жетіспей тұр", - деп жазды Әуелбекова.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызына қолдау білдіріп, оған арқа сүйіер азаматын міндетті түрде жолықтыратынын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099297-tiregim-bolatyn-tengim-zhetispei-tur-moldir-auelbekova-zheke-omiri-zhaily-syr-shertti/