Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиналған кездерін көп көрдім": Ләйлә Сұлтанқызы анасымен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде әсерлі жазба жариялап, анасымен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. БАҚ өкілі анасымен тек соңғы жылдары ғана сырласа бастағанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы отбасылық өмірі мен жұмысында болған мәселелердің ешбірін анасына айта алмаған екен. Сөзінше, тележүргізуші анасына сырын ақтаруға қысылған.

"Өзім мамаммен бертін ғана сырласа бастаған қызбын. Білмеймін, әлде әкеме жақын болдым ба? Әкем 21 жыл бұрын дүниеден өтті. Есейген шақта да "мамам уайымдамасын" деп көп нәрсені жасыратынмын. "Ұят болады" тағы бар. Тұрмысқа шыққанда, бала босанғанда, жұмыстағы түрлі проблемалар сияқты түрлі жағдайлар көп қой әйелдерде, бәрін айтуға қысылатынмын. Іштей тынып, қоя саламын сонда. Сөйтсем, бұл мінезім анама тартқан екен ғой", - деп жазды БАҚ өкілі.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы анасының қиналған кездерін көп көргенін жеткізді. Ол ана жүрегін өзі ана болғанда бір-ақ түсінгенін жасырмады.

"Мен анамның қиналған кездерін көп көрдім. Адуынды енесі (жер барып хабар айтпасын), сырқат жұбайы бар, "перестройка", ала дорба арқалаған кез. Енді балалар есейді дегенде әкем дүниеден өтті. Енді немере сүйіп қуанамыз дегенде әжем кетті. Енді немере қызды ұзатып, ұл үйленеді дегенге баласынан айырылды. Қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы да келмеске кетті. Өмір дерсіз, мұны басына түскен адам ғана түсінеді. Бірақ қандай жағдай болмасын уайымдайтын, кешіретін, күресетін, жаныңыздан табылатын адам - ана. Ана жүрегін өзім "ана" болғанда ғана түсіндім. Ана жүрегі бәрін-бәрін сезеді", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099306-qinalgan-kezderin-kop-kordim-laila-sultanqyzy-anasymen-araqatynasy-zhaily-zhan-syryn-aqtardy/