Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайран жастық шақ": Жас кезіндегі суреттерін көрсеткен Мақпал Жүнісоваға ел тәнті болды

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова оқырмандарына бұған дейін еш жерде жарияламаған суреттерін көрсетті. Қалың көпшілік әншінің жас кезіндегі түріне тамсанып, оған жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жас кезіндегі суреттерін жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Әншінің сөзінше, ол бұған дейін бұл фотоларды еш жерде жарияламаған. Тіпті мұрағаттық кадрларды өзі де бірінші рет көріп отыр екен.

"Бұл суреттер мықты фотогроф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді. Өзім де алғаш көріп отырмын. Осындай жас кезімізден суреттерді жіберіп, қуантқаныңыз үшін үлкен рақмет", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының сұлулығына тәнті болып, оған түрлі пікір жаудырды.

"Өнеріңізге басымды иемін. Сондай сұлу болғансыз. Әлі де сол қалпы әдемі, көріктісіз", "Өте тамаша жансыз", "Шіркін жастық шақ. Қандай әдемі", "Сол кезден-ақ хас сұлу болыпсыз ғой", "Не деген әдемі қыз. Қайран жастық шақ", "Талай жігіттің арманы болған қызсыз ғой", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099324-qairan-zhastyq-shaq-zhas-kezindegi-suretterin-korsetken-maqpal-zhunisovaga-el-tanti-boldy/