Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарқырап жүрген жарасады": көпшілік Аша Матайдың жаңа образын сынап тастады

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: Instagram/ asha_matai

Отандық тележүргізуші Аша Матай жаңа суреттерін бөлісті. Көпшілік Арман Қоңырдың жұбайын әбден сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте тек жарқын сәттерін бөлісетін Аша Матай бұл жолы мұңды образын назарға ұсынды.

"Қаншама гүлдер тұр аппақ,

Жаратқан қалай сұлу қып.

Жаным, менің бірақта,

Бермейді сендей жылулық.

Сізге жылулық беретін сүйіктіңіз бар ма?", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Мұны көрген көпшілік Аша Матайды сынға алды. Олар тележүргізушіге тек жарқын образ жарасатанын айтып қалды.

"Айсәулеге еліктейсің бе?", "Жарасып тұрған жоқ саған", "Уайымға толы көзқарас", "Кадрлардың бәрі сәтсіз", "Бақытты әйелдің жүзі мұндай болмайды", "Жарқыра", "Сурет онша емес, саған жарқырап жүрген жарасады", - деп жазды жұрт.

Оқырман арасында Ашаны мақтағандар да табылды.

"Сұлу, неге киноға шақырмайды екен?", "Әдемісің", "Қарапайым қазақ қызы", "Анджелина Джолиден әдемісіз", - деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099387-zharqyrap-zhurgen-zharasady-asha-mataidyng-zhanga-obrazyn-kopshilik-synap-tastady/