Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саған ғашықпын": Қытайға ұшып кеткен Димаш жаңа суреттерімен елді естен тандырды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Instagram/ kudaibergenov.dimash

Қазақстан халық әртісі Димаш Құдайберген жаңа фотосессия өткізді. Әнші суреттер сериясын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Өнер иесі жақында тыңдарманға Қытайға ұшып келгенін хабарлаған еді.

"Сүйікті жандармен күту залынан фото. Рақмет, Шанхай! Енді Бейжіңге ұшамыз!", - деп жазған еді әнші.

Көп ұзамай отандық әнші жаңа суреттерін бөлісіп, көптің көзайымына айналды.

"Қалдарыңыз қалай?", - деп қысқа қайырды Димаш.

Ал желі қолданушылары әншіге сезімін айтып, ақ тілегін жаудырды.

"Димаш, саған ғашықпын", "Сені сағынып кеттік", "Не деген сымбатты едің" , - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099552-sagan-gashyqpyn-qytaiga-ushyp-ketken-dimash-zhanga-suretterimen-eldi-esten-tandyrdy/