Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздармен жұмыс істеу оңай емес": Балжан Бидаш KeshYOU тобына қатысты шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

KeshYOU тобының экc-құрамы
KeshYOU тобының экc-құрамы. Фото: zhanakorgan-tynysy.kz

Отандық эстрада жұлдызы Балжан Бидаш осыдан бірнеше жыл бұрын өзі өнер көрсеткен KeshYOU тобына қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстандағы үздік трио жайлы өнер иесі "Оян" бағдарламасында баяндады.

Балжан Бидаш талай әншінің бағын ашқан топта өнер көрсетудің оңай болмағанын айтты.

"Жалпы мен, Ақбота-нұр, Жұлдыз Өмірғали үшеуміз KeshYOU құрамында болдық. Негізі қыздармен жұмыс істеу оңай емес. Әр қыз өзінше ерке, өзінше жеке тұлға.

Ол кезде жас болдық. Бірақ біздің продюсеріміз Баян Мақсатқызы қатал болды, оны бәрі біледі. Бағым Мақсатқызы да бар.

Егер топта жұмыс істеу оңай болса, қазір түрлі қыздар тобы болар еді. Қазір Қазақстан бойынша бірінші орында KeshYOU тобы тұр", - деді ол.

Айта кетейік, жақында KeshYOU тобының жаңа құрамы әлемге әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен коллаборация жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099720-qyzdarmen-zhumys-isteu-ongai-emes-balzhan-bidash-keshyou-tobyna-qatysty-shyndyqty-aitty-video/