Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздардың қолынан ұстап": Нұржан Керменбаев дуэт айтқаны үшін әйелінен сөз естіді

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев әйелімен
Нұржан Керменбаев әйелімен. Видеодан кадр: Instagram/nurzhan_kermenbayev

Қазақстандық танымал әнші Нұржан Керменбаев өнердегі әріптесі Элизат Беріковамен дуэт жазғаны үшін келіншегінен оңбай сөз естіді. Өнер иесінің әйелі өзге арулардың қолынан ұстағаны үшін оған қатты ренжігенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев келіншегімен сөйлескен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Онда ерлі-зайыптының көлікте туындаған мәселені талқылап жатқанын көруге болады.

Әнші әйеліне өзіне желіде жазылып, ұялы телефонында атын өзгертіп қоюын сұрайды. Оған қоса ол қыздармен ән айтқанда тұрған ештеңе жоқ екенін түсіндіріп, мысал ретінде Салтанат Бақаеваны келтіреді.

"Ел-жұрт екеумізді ажырасып кетті деп жатыр. Сен Instagram-да маған жазылсай. Ол деген менің жұмысым ғой. Мысалы Салтанатпен де ән айтып жүрмін ғой. Сосын телефонда да мені Нұржан Керменбаев деп сақтап қойыпсың. Бұлай болмайды", - деді Керменбаев.

Назерке Керменбаева күйеуіне ренішін білдіріп, бұдан былай оның қыздармен дужт жазғанына түбегейлі қарсы екенін айтады.

"Өзіңіз ғой енді. Қыздардың қолынан ұстап, дуэт жазып жүрсіз. Біз олай келіскен жоқпыз ғой. Салтанаттың күйеуі бар. Ешкіммен дуэт айтпайсыз, ешкімнің қолынан ұстамайсыз. Сосын сізге қайта жазыламын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100056-qyzdardyng-qolynan-ustap-nurzhan-kermanbaev-duet-aitqany-ushin-aielinen-soz-estidi-video/