"Жүктісіз бе": Айдарбекованың үшінші келіні желіде қызу талқыға түсті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні Индира Мәуленова жаңа суреттерін жариялады. Ол кезекті фотосессиясын Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті.
Индира Мәуленова өз жазбасында модель болуға қатысты пікірін білдірді.
"Бұрын “модель” болып жұмыс істегенде ойлаушы едім, модель болған ұнай ма, әлде ұнамай қала ма деп. Уақыт өте келе мен үшін бұл бір “бөлек әлем” болып кеткен секілді", - деп жазды ол.
Көпшілік Заңғар Нұртастың суретіне оң баға беріп, өз пікірін жазды. Алайда желі қолданушыларының арасында Индираға орынсыз сұрақтар қойып, ақыл-кеңес айтқандар да табылды.
"Жүктісіз бе?", "Образыңыз біртүрлі", "Кімге ұнау керек?", "Жұлдызбен салыстырудың қажеті жоқ, керемет әйел", "Заңғардың көңілінен шықсаң болды", "Жұлдызға еліктейтін сияқты", "Іші тар адамдар көп екен", ""Ұрпақ сүю ойда жоқ па?", "Дым қызық емес", - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100083-zhuktisiz-be-aidarbekovanyng-ushinshi-kelini-zhelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.