Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені сол адамнан сақтап қалды": Анна Данченко желіде жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко жеке өмірі жайлы сыр шертіп, бір адамнан қатты көңілі қалғанын айтты. БАҚ өкілі бүгінде ол жанмен байланысы үзілгеніне қуанышты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында өмірінде болып жатқан жайттар туралы айтып, жан сырын ақтарды. Тележүргізуші адамдардың өзгермейтініне көзі нақты жеткенін алға тартты.

"Адамдар өзгермейді. Бүгін соған тағы да көзім жетті. Сотқа қатысты емес. Өз өміріме қатысты. Алла сол адамнан мені сақтап қалғанына шүкір деймін", - деп жазды БАҚ өкілі.

Сонымен қатар Анна Данченко мамыр айы өзі үшін тосынсыйға толы болайын деп тұрғанын айтып қалды.

"Мамыр тосынсыйға толы болмақ. Осы аптадан бастап, "нон-стоп" режим іске қосылады. Іс-шаралар, тойлар өте көп. Оның үстіне 29 мамыр туған күнім. Ерекше атап өткім келеді. Маған гүл сыйлаңыздар. Мен оларды қатты жақсы көремін", - деп жазды тележүргізуші.

Анна Данченконың Stories-i
Анна Данченконың Stories-i. Скриншот: Instagram/ann_2905

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100104-meni-sol-adamnan-saqtap-qaldy-anna-danchenko-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/