Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл өміріңді күл өмірге айналдырма": Дина Төлепберген Бишімбаевтың үкіміне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген сұхбат кезінде
Дина Төлепберген сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үкіміне қатысты пікір білдірді. Экс-министр азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген күллі Қазақстан бақылаған сот процесі жайлы ойын Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Тележүргізуші бұл соттан өзі үшін қандай қорытынды жасағанын айтты.

"Бишімбаев 24 жылға қамалды. Соттың не шешімін қабылдайтынына байланысты түрлі пікірдің айтылғаны хақ. Жазасын толық өтеп, түрмеден шыққанда сотталған 68 жасқа толады екен. "Ол кезде тірі ме, жоқ па, бастысы қоғамға қауіп төндірмес" деп қорытты өз ойын Салтанаттың ағасы.

Менің бұл соттан өзім үшін жасаған қорытындыларым:

  • Соңына дейін күрес. Қанша қиын болса да, байлығы мен шайлығы асқандарға жаза жоқ десе де, күрес. Әділдік бәрібір жеңеді.
  • Сен жалғыз емессің. Айтбек бүкіл әлемнің қолдауын табам деп ойламаған еді. Алайда оның ағалық мейіріміне бәріміз де бас идік. Шын ниет, адал жолда жақтастар жолығады!
  • Тұрмыстық зорлық зомбылыққа төзу - тозақ өмір. Осы сотты, басты айыпталушы Бишімбаевтың манипуляциясын көріп, тиранның тактикасын көпшілік түсінді деп ойлаймын. Гүл өміріңізді күл өмірге айналдырмаңыз", - деп жазды ол.

Сонымен қатар журналист Салтанат деп ұрандатқан көпшілікке алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100200-gul-omiringdi-kul-omirge-ainaldyrma-dina-tolepbergen-bishimbaevtyng-ukimine-qatysty-pikir-bildirdi/