Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқандай өсек естімеппін": Әли Оқапов отбасылық мұрағаттан фото жариялады

Опубликовано:

Тасқын Оқапов, Роза Рымбаева және Әли Оқапов
Тасқын Оқапов, Роза Рымбаева және Әли Оқапов. Фото: Instagram/ aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов отбасылық мұрағаттан фото жариялады. Эстрада жұлдызы ата-анасымен түскен суретін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Роза Рымбаеваның ұлы бала кезіндегі суретін қысқа жазбамен толықтырды.

"Тасқын Оқапов, Роза Рымбаева, Әли Оқапов", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік Әлиге амандық тіледі. Олар Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваға қатысты оң пікірлер жазып қалдырды.

"Роза Қуанышқызының жалындап тұрған кезі ғой. Барған байқаудың бәрінен бас жүлдені алған. Қандай керемет", "Әли ақылды жігіт, бәрін таразыға салып, ойланып істейді", "Әли, сізге екі тұлғаның ұлы болу бұйырды. Енді сіз халықтың ұлысыз", "Роза Рымбаева туралы ешқандай өсек естімеппін. Екі баласын тәрбиелеп, елге сыйлы болып отыр", "Әли әкесінен айнымай қалған екен", "Роза апай – аңыз адам, біздің мақтанышымыз", "Әли, әке-шешем және мен десең, бүкіл қазақ елі таниды", "Шіркін, ата-ананың орны бөлек қой", "Отбасың аман болсын", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100224-eshqandai-osek-estimeppin-ali-okapov-otbasylyq-muragattan-foto-zhariialady/