Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова: Басымнан қанша қиын жағдай өтіп жатса да, анама шағым айтпаппын

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова анасымен
Гүлнұр Оразымбетова анасымен. Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Қазақстандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде анасына әсерлі жазба арнап, отбасында алған тәрбие жайлы сөз қозғады. Өнер иесі басынан қандай қиын жағдай өтсе де, оның ешбірін анасына айтып көрмегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова анасы жайлы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Шоу-бизнес жұлдызы әжесі мен анасының тәлім-тәрбиесін санасына сіңіріп өскенін айтты.

Әнші есейген шақта өмірінде болған қиын кезеңдер жайлы анасына тіс жармаған екен. Сөзінше, ол анасының жүрегін ауыртып, уайымдатқысы келмеген.

Сонымен қатар өнер иесі бүгінде өзі ене болуға дайындалып жүргенін айтып қалды.

"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің деген ғой. Мен де ана болдым. Ене болуға дайындық жүріп жатыр, бұйыртса. Асыл әжемнің тәрбиесі, анашымның сабырлы ұстанымы. Бәрін көріп, көңілге түйіп өстім. Қанша қиын жағдайлар басымнан өтіп жатса да, анама шағым айтпаппын. Жүрегін ауыртқым келмеді. Шүкір, қазір бәрі өз орнында, ретімен жүріп жатыр. Шөбере, шөпшек, немене, жұрағат сүйіңіз, анашым", - деп жазды Оразымбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100245-gulnur-orazymbetova-basymnan-qansha-qiyn-zhagdai-otip-zhatsa-da-anama-shagym-aitpappyn/