Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолындағы нанымен жерге құлады": Нұртас Айдарбеков әйелімен алғаш танысқан сәтін еске алды

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі
Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Нұртас Айдарбеков келіншегі Гүлзира Үсенқызымен танысқан сәтін еске алып, қалың көпшілікке махаббат хикаясы қалай өрбігенін айтып берді. Сөзінше, сүйіктісін алғаш көрген кезде қызықты оқиға орын алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Айдарбекова әйелі Гүлзирамен әскерден келген бойда танысқан. Айтуынша, екеуі бір-біріне көрші тұрған.

Қайрат Нұрастың әкесі өмірлік жарын алғаш көрген кезде оған тиісіп, барынша назарын аударуға тырысқан. Алайда Гүлзира Айдарбекова әскерден келген жігіттің қалжынын көтере алмай, оған көзін алартып өткен. Дәл сол сәтте продюсер ханым жолдасының алдында ыңғайсыз жағдайға тап болған. Айдарбекова сүрініп, қолындағы пакетімен қоса жерге құлаған.

"Гүлекең екеуміз Түркістан қаласында таныстық. Ол кезде мен әскерден енді келген едім. 21 жаста болдым. Мен ең үлкен ағамның қолында тұратынмын. Кейін біздің үйдің артынан тағы біреуі салынды. Сол үйге бұл кісінің үлкен ағасы көшіп келген. Біздің үйдің терезесі олардың балконына қарайтын. Әскерден бірге келген жолдас жігіт бар еді, екеуміз талдың астында темекі шегетін жерде отырдық. Ары-бері өткен қыздарға тиісіп отырдық. Бір уақытта кішкентай бір қыз келе жатыр.

Ол кезде Гүлекең мектепті енді бітірген екен, тіпті 18 жасқа толмаған. Сөйтіп мен оған бірнәрсе деп тиістім, қолында пакеті бар еді, маған көзімен аларып қарады да, аяғы сүрініп кетті. Сүрінгенде қолындағы пакеті жерге құлап, ішінен екі бөлке нан жерге домалап түсті. Мен "қой" деп ұялып, екі нанын пакетке салып беріп едім, одан сайын аларып қарап, үйге кіріп кетті. Алғаш көріскен сәтіміз сол кез”, – деп есіне алды Нұртас Айдарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100350-qolyndagy-nanymen-zherge-qulady-nurtas-aidarbekov-aielimen-algash-tanysqan-satin-eske-aldy/