Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем жол апатынан қайтыс болды": Айжұлдыз Адайбекова өмірдегі ең үлкен қорқынышын айтты

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова сұхбат беруде
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: "Момский әңгіме" жобасы

Қазақстандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарымен сырласып, өмірдегі ең үлкен қорқынышы туралы айтып берді. Блогер ару көлік жүргізуге қорқатынын жеткізді. Онығ бірнеше себебі бар екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы парақшасында көлікте келе жатқан суретін жариялап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы көлік жүргізуге не себепті қорқатынын ашып айтты.

"Басқалар үшін бұл оңай шаруа шығар. Бірақ мен үшін емес. Менің әкем жол апатынан қайтыс болған. Өзім де жол апатына түскен адаммын. Сол себепті қорқынышым бар", - деп жазды ол.

Алайда Адайбекова бүгінде бұл қорқынышын барынша еңсеруге тырысып жүргенін айтты. Блогер ару өзіне автосалоннан жаңа көлік сатып алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100671-akem-zhol-apatynan-qaitys-boldy-aizhuldyz-adaibekova-omirdegi-eng-ulken-qorqynyshyn-aitty/