Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл үйде қамалып отырған жоқ": Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімова туралы айтты

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтып, оның не себепті 10 жыл бойы ел алдына шықпағанын түсіндірді. Қайрат Нұртастың анасы келіні үй қамақта отырғаны жайлы қауесеттерді жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімоваға басында жағдайдың бәрін түсіндіріп, күйеуінің өнеріне түсіністікпен қарауын сұраған.

"Ол кезде Қайраттың сахнаға шығып жүрген кезі. Жұлдызға басынан-ақ түсіндірдім. "Қайрат енді ғана сахнаға шығып жатыр. Ертең халықтың адамы болады. Үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады. Сол кезде екеуің ұрысып қалып, менің көңіл күйімді түсірмейсіңдер ма?" деп сұрадым. Ол өзі де өнер адамы болған соң, оны түсінетінін айтты. Олардан менің көзімше ұрсыпауды сұрадым. "Ұрысатын болсаңдар, жатын бөлмеде ұрысыңдар" дедім. Мен олардың қас-қабағына қарап жүргім келмеді. Жұлдыз сол уәдесінде тұрды. Бір рет те көзімше ұрысқан емес. Бірінің артынан бірін босанды", - деді продюсер.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы келіні 10 дыл бойы бір бөлмеде қамалып отырмағанын айтты. Продюсердің сөзінше, Әбдікәрімова оқуын оқып, шетел аралап жүрген.

"Үйде отырғанда қамақта отырған жоқ қой. Көлік жүргізіп үйренді, оқуын оқыды, Қайратпен шетелге демалысқа барды, ағайын-туыстың ортасында жүрді. Бір бөлменің ішінде қамалып отырған жоқ", - деді Айдарбекова "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100785-10-zhyl-uide-qamalyp-otyrgan-zhoq-gulzira-aidarbekova-zhuldyz-abdikarimova-turaly-aitty/