Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі бар еді": Динара Сәтжан Бишімбаевқа шыққан үкімге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Скриншот: Тимур Балымбетов бағдарламасы

Отандық тележүргізші Динара Сәтжан Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша өткен сот отырысына пікір білдірді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында Қуандық Бишімбаевқа шыққан үкім жайлы сөз қозғады.

Динара Сәтжанның айтуынша, Салтанаттың махаббаты агрессияға қарсы тұра алмаған.

"Бишімбаевтың соты ақыры аяқталды. Бұл өте ауыр болды. Сот процесін онлайн режимде тек біз емес, күллі әлем көрді. Менің ойымша, Жоғарғы сот сот залынан тікелей эфир жүргізу туралы дұрыс шешім қабылдады. Біріншіден, біз сот процесі қалай өтетінін көрдік. Екіншіден, сол жантүршігерлік түні не болғанын білдік.

Бишімбаевта бәрі бар еді. Түрмеден кейін екінші өмір бастауға мүмкіндігі де болды. Тағдыр оған сұлу да мейірімді, нәзік Салтанатты сыйлады. Бірақ оның махабаты жамандық пен агрессияны жеңе алмады", - деді тележүргізуші.

Өз сөзінде журналист криминологтардың тұжырымдамасын мысалға келтірді.

"Ол сотта Салтанатты неге жек көргенін, неге өлтіргенін сол бойы түсіндіре алмады. Статистика бойынша, кісі өлтірудің 80-95 пайызы бақылаудан тыс агрессия мен ашу үстінде болады. Криминологтар кісі өлтірген адамды қылмысқа дейін тануға болатынын айтады. Бірақ оны өз күйеуінің қолынан қайтыс болған әйелдер білді ме? Мұны Салтанат болжай алды ма?

2023 жылы 69 қазақстандық әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты. 2022 жылы - 76 әйел. Ал сәуір айында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдататын Заң қабылданды. Мүмкін кейбір азаматтар Бишімбаевтан өзін көріп, қорытынды шығарған шығар. Олардың жауып жүргендер де. Байжановқа жыл берілді. Қорқақтығы үшін, полицияға хабарласпағаны үшін. Заң қатал, бірақ ол Заң", - деді журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100812-bari-bar-edi-dinara-satzhan-bishimbaevqa-shyqqan-ukimge-qatysty-pikir-bildirdi/