"Жұлдызды өзім таңдадым": Гүлзира Айдарбекова "Арман" бейнебаяны туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың алғашқы бейнебаянын түсірген кезді еске алып, келіні Жұлдыз Әбдікәрімовамен алғашқы кездесуі туралы айтып берді. Айдарбекова "Арман" әнінің клипіне Әбдікәрімованы өзі таңдап алған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімовамен алғаш танысқан кез туралы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында айтты. Продюсер ұлы мен Жұлдыздың арасындағы махаббатты бірден байқап, оны бейнебаянға түсіруге шешім қабылдайды.
"Сол кезде Қайраттың туған күні болды. Туған күніне бірге оқыған қыздары келді. Солардың ішінде Жұлдыз да болды. Қарап отырып, маған Жұлдыз қатты ұнап қалды. Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне көзқарасынан махаббатты байқадым. Содан кейін "Жоқ бас қыз түспейді. Маған осы қыз ұнады. Жұлдыз түседі" деп өзім таңдап алдым", - деді Айдарбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100848-zhuldyzdy-ozim-tangdadym-gulzira-aidarbekova-arman-beinebaiany-turaly-aitty/