Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір жас көрінесіз": Қайрат Әділгерейдің жас кезіндегі суреті елді күлкіге қарқ қылды

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей Instagram желісіне мұрағаттан сурет жариялады. Оның жас кезіндегі фотосы көпшілікті күлкіге қарқ қылды.

Әзілкештің өзі суретін "Қатты өзгергенмін бе?" деген сөзбен толықтырды. Сондай-ақ ол "әйелім осындай сымбатты болып кететінімді білген сияқты" деп жазды.

Ал мұны көрген көпшілік Қайрат Әділгерейге түрлі пікір жазып қалдырды.

"Шығармайтыны жоқ", "Иә, қазір шал болдың", "Ер адамға түр не керек?" , "Мүлде өзгермепсіз", "Не деген өзгеріс", "Шашы қартайыпты", "Қайрат Нұртасқа еліктегенсіз бе? Шаш үлгіңіз ұқсап тұр", "Бұрынғыға қарағанда қазір жас көрінесіз" - деп күлді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100863-qazir-zhas-korinesiz-qairat-adilgereiding-zhas-kezindegi-sureti-eldi-kulkige-qarq-qyldy/