Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазғаным болған": Олжас Еспанов өзіне қатысты даулы жағдайға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Олжас Еспанов
Олжас Еспанов. Фото: Instagram/espanov_olzhas

Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзіне қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді. Өнер иесінің перзенті желіде тарап кеткен хабарламалардың 90 пайызы фотошоп екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Олжас Еспанов желіде қызу талқыланған хабарламалар 5-6 жыл бұрын болғанын айтты. Алайда әншінің ұлы бейтаныс арудың жариялап жіберген хабарламаларының көбісі фотошоппен өңделгенін жеткізді.

"Бұл жағдай бұрында болған нәрсе. Енді ғана жарыққа шықты ғой. Бұл хабарламаларды неге ұзақ уақыт сақтап жүргенін білмеймін. Бірақ онда жазылған хабарламалардың 90 пайызы фотошоп. Кейбір жерінде менің жазғаным болған. Көбіне өтірік сөздер. Жақындатқан кезде фотошоп екені көрініп тұр. Басында сотқа берем деп ойладым. Сосын қоя салдым. Қара пиар да пиар ғой. Мені білмеген адам көп екен. Осының арқасында бүкіл Қазақстанға танымал болдым", - деді Олжас Еспанов "Ревю" бағдарламасында.

Олжас Еспанов бұл жағдайға жұлдызды әкесі қандай көзқараста болғанын айтты.

"Әкем күлді де қойды. Сосын "мұңайма, ондай жағдайлар болып тұрады" деді. Еркек болған соң, танымал тұлғаның баласы болған соң бірден жағымсыз пікірлер кетіп қалады", - деді өнер иесінің баласы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100947-zhazganym-bolgan-olzhas-espanov-ozine-qatysty-dauly-zhagdaiga-pikir-bildirdi/