Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бишімбавтың сотынан соң түсінген шығарсыздар": Дина Төлепберген қыздарға құнды кеңес берді

Опубликовано:

Дина Төлепберген сұхбат кезінде
Дина Төлепберген сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Aman Tasygan

Отандық журналист Дина Төлепберген Бишімбаевтың сотын мысалға келтіріп, қыздарға ақыл айтты. Ол абьюзердің құрбаны болмас үшін ең алдымен қаржылай тәуелсіз болу керек екенін еске салды.

Бұл жайында тілші Instagram желісіндегі видеосында айтқан.

"Бишімбаевтың сотын аңдып, тиран мен абьюзердің тактикасын сіздер де түсінген шығарсыздар. Олар ең алдымен әйелді өзіне эмоционалды түрде тәуелді етеді, одан кейін қоғамнан изоляциялайды, қаржылай тәуелді етіп қояды.

Сөйтіп әйел бұл вакуумнан шыға алмай, қорқыныштың құрбаны бола береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болмаудың басты кілті қаржылық тәуелсіздікте. Сондықтан да мен барлық қыздарды білім алуға, өнерін өркендетуге, кәсіби өсуге, жұмысқа орналасуға шақырамын" , - дейді видеода ол.

Журналист видео астына өз сөщін толықтыратын жазба жариялады.

"Тиранның тактикасы терең...Бұл соңғы алты жылда 554 әйел мен оларды тепкіге салған сотқар күйеулердің өмірін зерттегеннен айтылған жанайқайым. Әйелдер, қыздар, тұрмыс құру - тәуелді болу емес. Қашанда білімге, кәсіпке, өнерге асық бол!", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101010-bishimbavtyng-sotynan-song-tusingen-shygarsyzdar-dina-tolepbergen-qyzdarga-qundy-kenges-berdi/