Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымнан өтті": Әсел Асқар отбасында болған зорлық-зомбылық туралы айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар сұхбат беруде
Әсел Асқар. Скриншот: youtube/DinaraSatzhan

Қазақстандық жас актриса әрі блогер Әсел Асқар отбасылық өмірде зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты. Өнер иесі ақыр-соңы өзіне күш көрсеткен жолдасынан ажырасып тынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар өміріндегі ауыр кезеңде жақындарының қолдауы аса ерекше болғанын жеткізді. Актриса басынан өткен жағдайды "Revue News" бағдарламасында ақтарды.

"Бұл мен үшін өте өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені осы зорлық-зомбылық өкінішке орай өз басымнан өтті. Одан құтылдым, құдайға шүкір. Сол кезде ата-анамның қолдауы елеулі болды. "Шыдап жүрмейсің, жалғыз қызымызсың, сен мұндай өмірге лайықты емессің" деді. Сосын Бүркіт ағам да қолдауын білдірді. Ол "мұндайға көз жұмуға болмайды, бұл не деген сұмдық" деді", - деп ағынан жарылды блогер ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101499-basymnan-otti-asel-asqar-otbasynda-bolgan-zorlyq-zombylyq-turaly-aitty/