Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдауың жетпей жүр": Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуіне арнаған видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен. Фото: Instagram/ sultankyzy

Отандық тележүргізші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жолдасының қолдауы жетпей жүргенін мойындады.

Тележүргізуші марқұм күйеуінсіз өткізген күндерін санады.

"555 күн өтті…Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір "әттеген-ай". Қолдауың бізге жетпей жүр", - деп жазды тележүргізуші.

Мұны көрген көпшілік тележүргізушіге ақ тілегін арнап, жұбата бастады.

"Сіздің ішкі әлеміңізді жақсы түсінемін, мәңгілік сағыныш болып қалады", "Жолдасымды осылай жоғалтудан қорқамын", "Саған деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын", "Бір кем дүние", "Алла алдынан жарылқасын", "Өшпейтін өкініш", "Жақсы адам екені көрініп тұр", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101514-qoldauyng-zhetpei-zhur-laila-sultanqyzynyng-marqum-kuieuine-arnagan-videosy-zhurtty-zhylatty/