Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Себебі өз тарихымда": Дина Төлепберген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неге қарсы шыққанын айтты (видео)

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Дина Төлепберген. Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасына видео жариялап, өз оқиғасын бөлісті. Осылайша, ол тұрмыстық-зорлық зомбылыққа не себепті қарсы шыққанын түсіндірді.

Видеода Дина Төлепберген анасының бастан кешкен оқиғасын айтып берді. Ол қыз да, ұл да психикасы сау, өзін құрметтейтін, жеке шекарасын білетін адам болып қалыптасу үшін сау ортада өмір сүруі керек екенін айтты.

"Осыдан 40 жыл бұрын Шымкент қаласында тұратын жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін жас дәрігерге ғашық болады, ұнатып қалады. Сөз салады, бірақ оның сезімі қайтарымсыз болады. Десек те, жігіт намыстанып, оны алып қашады. Неге екені түсініксіз, АХАЖ бөліміне қол ұстасып ақыры бармайды. Арада қыз дүниеге келеді.

Бір рет ұрғаннан кейін әйел бір жасқа толмаған қызын құшақтап, барар жері, басар тауы болмаса да, шаңырақтан кетіп қалады. Өйткені оның бастысы білімі бар болатын. Ол сау ортада қызымды аяққа тұрғызамын деп серт береді және ол сертінде тұрады. Әлгі қыз - мен. Мен өз анама шексіз алғысымды білдіремін", -дейді видеода журналист.

Дина Төлепберген видеоның астын жазбамен де толықтырды.

"Менің ақиқатым... Бұл туралы ешқашан айтпап едім. Бәлкім, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығуымның басты себебі өз тарихымда жатқан шығар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101544-sebebi-oz-tarihymda-dina-tolepbergen-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-nege-qarsy-shyqqanyn-aitty-video/