Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (видео)

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа ұстазымен
Әбдіжаппар Әлқожа ұстазымен. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына тосынсый жасап, бағалы сыйлық тарту етті. Ерекше сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа ұстазымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада өнер иесінің оған соңғы үлгідегі Iphone сыйлап жатқанын көруге болады.

"Ұстазым өнеріме үлкен демеу береді, жәрдемдеседі. Әркез қолдауын білдіретін ағажан. Осы сәтті пайдаланып ұстазыма хадия жасағым келіп отыр. Уағыздарымен елді қуантып, сапалы контент ұсынып жүріңіз. Мен үнемі бұл кісіге желіге вижео салуын сұраймын. Ол кісі оны түсіретін телефон жоқ екенін айтып қалды. Енді міндетті түрде түсіріп, халыққа пайдаңызды тигізе беріңіз. Сіздей ұстаздың айтары көп, уағызы мың таралуы керек ұстаз", - деді әнші.

Желі қолданушылары Әбдіжаппар Әлқожаның жомарттығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101550-abdizhappar-alqozha-ustazyna-erekshe-syilyq-tartu-etti-video/