Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Автограф бересіз бе": ұстазына пранк жасаған Әбілмансұр Серіков елді күлкіге қарқ қылды (видео)

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков ұстазымен
Әбілмансұр Серіков ұстазымен. Видеодан кадр: Instagram/serikovmansur

Қазақстандық танымал актер Әбілмансұр Серіков желіде ұстазына пранк жасаған видеосын жариялап, елді күлдіртті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі ұстазымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің Рахилям Машуроваға білдіртпей келіп, автограф сұрап жатқанын көруге болады. Қарт ұстаз ойда жоқта қол қойып табыстайын деп жатқанда шәкіртін танып қояды.

"Апайға амандасып, пранк жасадым. Әзілің жарасса, шамаң жетсе Рахиялм Машуровамен ойна", - деген жазба қалдырды Серіков.

Әбілмансұр Серіковтың видеосы желі қолданушыларының көңілінен шығып, елді күлкіге қарқ қылған.

"Қайталап қарай бергің келеді. Сондай қарапайым адамдар", "Тоқтамай күлдім", "Пранк өте сәтті болды. Әлі күлкімді тыя алмай отырмын", "Мансұр қатырасыз. Ұстазыңыз сондай аөкөңіл екен", "Бүгін көрген ең жылы видео осы болды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101592-avtograf-beresiz-be-ustazyna-prank-zhasagan-abilmansur-serikov-eldi-kulkige-qarq-qyldy-video/