"Жігіттердің 99 пайызы бас тартты": блогер Айшолпан Байтүгел жеке өміріне қатысты шындықты айтты
Жарияланған күні:
Көпшілікке "3 минуттық макияж" арқылы танылған блогер Айшолпан Байтүгел журналист Асхат Садырбайға сұқбат берді. Қазір танымал фильмдерде бой көрсетіп жүрген ол жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды.
Сұқбат барысында Айшолпан ер азаматтармен қарым-қатынасы сәтсіздікке әкелгенін жасырған жоқ.
"Сөйлесіп көрген жігіттерім болды. Бірақ 99 пайызы менен бас тартты. Ол туралы қиналмай айта беремін. Кездесуге шығып келемін, келесі күні "блоктап" тастайтын. Бірнеше рет кездесуге шықтым, жақсы көрген адамдарыма өзім айтқан кездерім де болды. Бас тартты.
Бірақ мұны өзіндік ирониямен қабылдадым. Кез келген дүниені айта алсаң, мойындай алсаң, жеңіл екен. Өмірімде маған ешкім ғашық болған емес", - деді блогер.
Айшолпан жігіттердің өзінен бас тартуына басты себеп неде екенін де айтты.
"Мен сол кездегі ішкі хәлімнен деп ойлаймын. Сол кезде қандай комплекс болды, бәрі алдымнан кезікті. Қазір мен өз-өзімді жақсы көремін", - дейді Айшолпан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101709-zhigitterding-99-paiyzy-bas-tartty-bloger-aisholpan-baitugel-zheke-omirine-qatysty-shyndyqty-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.