Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызымнан құтылғым келді": Айшолпан Байтүгел блогер болуының басты себебін атады

Опубликовано:

Айшолпан Байтүгел
Айшолпан Байтүгел. Фото: Instagram/ aisholpan_happiness

Танымал блогер Айшолпан Байтүгел отандық журналист Асхат Садырбайдың Youtube желісіндегі парақшасында сұқбат берді. Актриса тілдесу барысында отбасы мен жеке өмірі, блогерлікке келу жолы жайлы ашық баяндады.

Айшолпан Байтүгелдің айтуынша, ол блогерлікке дейін дүкенде сатушы және сауда өкілі болып жұмыс істеген.

"Мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Әкем күзетші, анам есепші. Дәл Қазақстанның жартысы сияқты орташа статистикалық отбасы. Өзім Қызылордаданмын. Негізі төрт ағайындымыз. Әрқайсысымызды оқытып келе жатыр.

Қазақта той деген дүние бар. Ағам үйленді, інім үйленді. Содан біз ақшалай қиналдық. Ал өзім сауда өкілі болып жұмыс істегенде жоспарды орындауда қиындыққа тап болдым. Солай 3 млн теңгедей қарызға кіріп кеттім", - деді Айшолпан.

Қазір отандық фильмдерде бой көрсетіп жүрген блогер күйзеліске түскен сәтін де еске алды.

"Бастапқыда ондай болмады. Бір қарызды жабамын деп екінші қарыз алдым. Оны жабамын деп үшінші қарызға кірдім. Жалпы осы блогты бастайтын кезде қатты қиналып, күйзелісте жүрдім. Оны көбі біле бермейді.

Соншалықты қарызға кіргенімнен әке-шешем де бейхабар. Солай жүргенде TikTok желісінде "стрим" арқылы ақша тауып, қарызымнан құтыламын деп ойладым", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101760-qaryzymnan-qutylgym-keldi-aisholpan-baitugel-bloger-boluynyng-basty-sebebin-atady/