Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман болып қалдым": Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, сырқаттанып қалғанын айтты. Өнер иесі екі күн бойы қатты ауырғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлерімен тілдесіп, қазіргі жағдайын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жақындарының арқасында бүгінде тәуір болып қалғанын алға тартты.

"Қалайсыздар? Аман-есен жүріп жатырсыздар ма? Екі күн бойы ауырып, жаман болып қалдым. Анам, ағам, бала күтушім, күйеуім жабылып жүріп, денемдегі суықты қуып шықты. Қазақтың емі күшті ғой не дегенмен", - деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан желіде қызу талқыға түскен видеосына пікір білдірген болатын. Өнер иесі аталмыш бейнежазбада камерадан не себепті тығылып қалғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102093-zhaman-bolyp-qaldym-erke-esmahan-densaulygy-syr-bergenin-aitty/